Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Бесқарағай ауданында су құбыры желілерінің құрылысы жүріп жатыр

12-06-2024, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

Бесқарағай ауданында сумен жабдықтау бойынша жобалар іске асырылуда. Биылғы негізгі жобалардың бірі – Ерназар ауылдық округінде су құбыры желісін салу. Құрылысты аяқтау жыл соңына жоспарланған.

Жетіжар ауылында да сумен жабдықтау желілерінің құрылысы жүргізілуде. Бүгінде жұмыстар 90%-ға орындалды.

Аудан әкімі Талғат Мұратов мердігер ұйым өкілдерімен кездесіп, жұмыстарды уақытылы, әрі сапалы аяқтау қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар, жалпы ауданы 210 шаршы метр болатын 15-20 балаға арналған шағын орталық салынып жатыр. Орталық 2024 жылдың шілдесінде пайдалануға беріледі деп көзделуде.

Айта кетейік, Абай облысы бойынша орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету 92,8%-ды құрайды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив