Cемей7°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
451.31 504.56 5.36

Қазақстан Елшісі Әмірліктердің Президентіне сенім грамоталарын табыс етті

13-06-2024, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Нажмедин Мұхаметәліұлы БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянға сенім грамоталарын табыс етті.

Салтанатты рәсім шеңберінде болған әңгімелесу барысында Елші Н.Мұхаметәліұлы Әмірліктер басшысына Қазақстан Президенті
Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебіздері мен ізгі тілектерін жеткізіп, екі ел арасындағы әр түрлі саладағы ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға мүдделігімізді қуаттады.

Қазақстандық дипломат шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянға Қазақстан Президенті бастамашылық еткен саяси және экономикалық реформалардың өзекті жай-күйімен таныстырды.

Әңгіме соңында БАӘ Президенті Елшіні ресми қызметке кірісуімен құттықтап, екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайту ісіне сәттілік тіледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив