Қазақстанда құрылыс индустриясында жаңа жобаларды іске асыру жоспарлануда
ҚР ИИДМ-де шетелдік инвесторлармен құрғақ құрылыс қоспалары және керамикалық ыдыстарды өндіру бойынша жобаларды іске асыруға қатысты кездесулер өтті. Кездесу барысында Индустриялық даму комитетінің құрылыс индустриясы және ағаш өңдеу өнеркәсібі басқармасының басшысы Мұхамед Андаков өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды іске асыру үшін Қазақстандағы инвестициялық преференциялар жайында ақпарат берді.
Өз кезегінде құрылыс және әрлеу материалдары компаниясының өкілі жаңа жобаны таныстырып, өзінің жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарының жетістіктері туралы баяндады. Дайын өнім Қазақстан, Беларусь, Молдова, Түрікменстан, Әзірбайжан, Моңғолия, Армения, Қырғызстан және басқа елдерге экспортталады. Қазіргі уақытта компания Қазақстан Республикасының аумағында зауыт ашуға ниетті.
Сонымен қатар, Алматы облысында керамикалық ыдыс-аяқ шығаруға ниетті қытай компаниясының өкілдерімен кездесу өтті. Жобаны 2 кезеңде жүзеге асыру жоспарланып отыр. 2026 жылға қарай түрлі-түсті керамикалық ыдыстар өнідірісінің оқшаулау деңгейі 100 пайызды құрамақ. Бұдан бөлек, 1000-ға жуық жаңа жұмыс орны құрылатын болады.
Кездесулерді қорытындылай келе, М.Андаков бірлескен жобаларды іске асыруды қолдап, ынтымақтастықты дамытуға дайын екендігін жеткізді.