Бүгін Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) австриялық тобының Елдік отырысы өтті
Бүгін Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) австриялық тобының Елдік отырысы өтті.
Отырысқа Австрия, Израиль, Қазақстан, Кипр және Мальта өкілдері, сондай-ақ ЕҚДБ өкілдері қатысты.
Қазақстандық тарапты Қазақстанның ЕҚДБ басқарушысының орынбасары, Қаржы вице-министрі Даурен Кеңбеил ұсынды.
Отырыс барысында Даурен Кеңбеил елдегі ағымдағы экономикалық жағдай және ҚР Үкіметі жүргізіп жатқан экономикалық және саяси реформалар туралы хабардар етті.
Қатысушылар климаттың өзгеруі саласындағы Париж Келісімі аясындағы ЕҚДБ операциялары мен іс-шараларын, сондай-ақ Орталық Азия инфрақұрылымына инвестициялар үшін мүмкіндіктер мен құралдарды талқылады.
ЕҚДБ Австрия дирекциясы Басқарушыларының елдік отырыстары жыл сайын Басқарушылар кеңесінің жыл сайынғы отырысы қарсаңында өткізіледі. Басқарушылар кеңесінің кезекті отырысы а.ж. 16-18 мамырында Самарканд қаласында өтеді.