Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Суға шомылуға рұқсат етілген және тыйым салынған жерлердің тізбесі өзектендіріледі

18-06-2024, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында су айдындарындағы қауіпсіздік мәселесі қаралды. Шомылу маусымы кезінде алдын алу шаралары туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев баяндама жасады.

Оқу-ағарту министрлігі балалардың cудағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жоспарлы жұмыстарды атқарып жатыр.

«Мемлекеттік жалпы білім берудің міндетті стандарттары аясында балабақшаларда ойын, практикалық сабақтар өткізу, анимациялық роликтер көрсету арқылы судағы қауіпсіздік сабақтары өтсе, мектептерде 4 пән мазмұнында жалпы 38 сабақ қауіпсіздік тақырыбына арналған. Сонымен қатар биылғы оқу жылында мектептерде судағы қауіпсіздік тақырыбында 2327 сынып сағаттары ұйымдастырылды. Ал, жаңа оқу жылынан бастап барлық мектептерде 1-11 сынып оқушыларына, сынып сағаттары аясында апта сайынғы қауіпсіздік сабақтары енгізіледі», — деді оқу-ағарту министрі.

Бұдан бөлек биыл осы тақырыпта сыныптан тыс 1 852 интерактивті ашық сабақ және 1 162 оқу-жаттығу өткізілді.

Бүгінде білім беру ұйымдарында 10 476 қауіпсіздік бұрыштары орнатылған, 2 800 «Жас құтқарушы» үйірмелері жұмыс істейді. 

Балалардың судағы қауіпсіздігі жаз мезгілінде ерекше өзекті болатыны белгілі. Сондықтан барлық өңірлерде тиісті мемлекеттік органдар мен әкімдіктер өкілдерінің бірлескен мониторингтік топтары құрылды. 

«Мониторинг топтар су қоймаларының жанында орналасқан қала сыртындағы 31 лагер мен 127 бассейнді қауіпсіздік тұрғысынан зерделеді, оларға санитарлық бақылау күшейтілді. Жазғы демалысты ұйымдастырушыларға арналған балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету тақырыбында республикалық 3 семинар-кеңес өткізілді. Қауіпсіздік нұсқаулықтары, оның ішінде суға түсудегі қауіпсіздік дағдылары қамтылған «Сенің қуанышқа толы жазғы демалысың» атты guidebook мектеп оқушыларына таратылды», — деді Ғани Бейсембаев.

Балалардың суға кету фактілерінің жыл сайын азайуына қарамастан жазатайым оқиғалардың 95%-ы суға шомылуға тыйым салынған жерлерде орын алса, ал үштен бірінде ата-аналар балаларды қараусыз қалдырған.

Уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға: суға шомылуға рұқсат етілген және тыйым салынған жерлердің тізбесін өзектендіру, онда құтқарушылар кезекшілігін ұйымдастырып, ескерту белгілерін орнату жұмыстарын күшейту қажет.

«Барлық қазақстандық ата-аналарды балаларын бақылаусыз және қараусыз қалдырмауға шақырамыз», — деп сөзін түйіндеді министр. 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив