Cемей-14°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
523.86 544.34 5.11

Құқықтық насихатты жетілдіру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар бекітілді

2-03-2023, 17:20 Думан Кенжеғазыұлы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Әділет министрлігі Құқықтық насихатты жетілдіру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекітті (Әділет министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 806 бұйрығы).

Құжатта азаматтар мен кәсіпкерлерді олардың құқықтары туралы мақсатты түрде ақпараттандырудың түрлі тетіктері бар.

Құқықтық актілерді нақты және қысқа тілде түсіндіруге, оның ішінде цифрлық құралдарды пайдалануға ерекше назар аударылады.

Әзірленген ұсынымдарға сәйкес, әрбір мемлекеттік орган өз қызметінің бағыты бойынша өмірлік жағдайлар мен заңды фактілердің тізбесін, сондай-ақ осы жағдайлардағы іс-қимыл алгоритмін айқындауға тиіс.

Мысалға, азамат жүргізуші куәлігінің жарамдылық мерзімі жақындаған кезде жаңа құжатты алу бойынша кезең-кезеңімен әрекеттерді көрсететін хабарлама арқылы алдын ала хабарланады деп көзделеді.

Ол үшін мемлекеттік органға осы мәселелерге қатысты қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге, халықты қайда және қалай хабардар ету (ақпараттық платформа және формат) бойынша түсіндірме (алгоритм) анықтау қажет болады.

Үнемі өзіндік оқытуға бағдарлаумен осы жұмысқа жауапты тұлғаларды дайындауға ерекше назар аударылады.

Азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелерді шешудің заңсыз жолдарын іздеу қажеттілігінен қорғауға мүмкіндік береді, сондай-ақ қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті күшейтеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив