Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Сенатта мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің сапасын арттыру және оңайлату мәселелері талқыланды

18-06-2024, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, шамадан тыс регламенттеуді болдырмауға, сатып алу рәсімдерін одан әрі автоматтандыруға және жеңілдетуге, сатып алу жөніндегі бірыңғай платформа құруға бағытталған заңдарды қарады.

«Мемлекеттік сатып алу туралы» және оған ілеспе «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және артық заңнамалық регламенттеуді болдырмау туралы» заңдарда қоғамдық бақылау бөліктерін енгізу, сатып алу рәсімдерін оңтайландыру және қысқарту мүмкіндігі сияқты жаңалықтар бар. Сонымен қатар шағын сатып алуды жедел атқару үшін бір көзден сатып алу мүмкіндігі де көзделген. Бұдан басқа, құжаттарда аффилиирленген компаниялардың сатып алуға қатысуын және шарттық міндеттемелерді тиісінше орындамаған өнім берушілердің жауапкершілігін шектеу шараларын күшейту, сондай-ақ шағым беру тәртібін және оларды қарау мерзімдерін қайта қарау да көзделіп отыр.

Депутаттар сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды да қарады. Құжат өнім берушінің мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарғаны туралы мәліметтерді ұсынбағаны немесе уақтылы бермегені, сондай-ақ өнім берушіні жосықсыз деп тану үшін сотқа уақтылы жолықпағаны үшін тапсырыс берушіге жауапкершілік жүктейді.

Комитет мүшелері талқылау қорытындысы бойынша заңдарды Палата отырысында қарау туралы шешім қабылдады.

Суретті түсірген: А. Байжұманов

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив