Cемей16°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
462.91 542.16 6.16

Қазақстан СІМ-де көліктік-логистикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды

18-06-2024, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бірқатар шетелдік компаниялардың өкілдерімен, оның ішінде «Nurminen Logistics Plc» фин компаниясының басшылығымен кездесулер өткізді.

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстанның көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелерін, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік маршрутының тиімділігін арттыру мақсатында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру перспективалары мен мүмкіндіктерін талқылады.

Фин компаниясы – әр түрлі теміржол қызметтерін, жүктерді тасымалдауға және өңдеуге көмек көрсететін логистика саласындағы ірі операторлардың бірі. Компанияның негізгі нарықтар қатарына Финляндия, Балтық және ТМД елдері кіреді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив