Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
455.63 507.89 5.65

СІМ-де миссиясы аяқталған Аустрия Елшісімен кездесу өтті

19-06-2024, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Аустрияның Елшісі Вилли Кемпельді қабылдады.

Тараптар екіжақты байланыстардың белсенділігі мен сауда-экономикалық іс-қимылдың өсуін атап өтіп, өзара тиімді серіктестікті одан әрі тереңдетуге ықыластарын жеткізді.

Р.Василенко саяси диалогты тиісті деңгейде сақтап, экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты ұлғайтудың, сондай-ақ шарттық-құқықтық базаны кеңейтудің маңыздылығын айтты.

Кездесуді қорытындылай келе, Р.Василенко Аустрия дипломатына жемісті өзара әрекеттестігі және Қазақстан-Аустрия қарым-қатынастарын нығайтуға қосқан маңызды үлесі үшін алғыс білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив