Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

БҰҰ ДБ Қазақстанның әлеуметтік саланы цифрландырудағы жетістігін жоғары бағалайды

19-06-2024, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Катаржина Вавьерниамен кездесті.

Кездесу барысында ҚР Үкіметі мен халықаралық ұйым арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейі атап өтілді. 30 жылдан астам уақыт ішінде әртүрлі салада бірқатар өзара тиімді жобалар іске асырылды. Алдағы бірлескен жоспарлар да пысықталды. 

Катаржина Вавьерниа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен инклюзивті ортаны жетілдіру, мүгедектерді оңалту және абилитациялау шаралары бойынша ынтымақтастықты нығайтуға қызығушылық білдірді. Ол сондай-ақ денсаулық сақтау саласын, креативті индустрияны цифрландыруды дамыту бойынша бірқатар ұсыныс айтты.

Тамара Дүйсенова ұсынылған шараларды қарастыруға дайын екенін білдіріп, тиісті министрліктерге тапсырма берді. Сонымен қатар вице-премьер еліміздің БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға айрықша көңіл болып отырғанын атап өтті.

Бұдан бөлек, БҰҰ ДБ Қазақстанның әлеуметтік саланы цифрландырудағы жетістіктерін жоғары бағалайтыны айтылды. Осы үдеріске қосқан елеулі үлесі үшін Тамара Дүйсеноваға БҰҰ Даму бағдарламасының «Цифрландыру бойынша жыл үздігі» сертификаты табысталды.  

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив