Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Senat Open шахмат турнирі: Финалға алғаш жеткендер анықталды

19-06-2024, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының шахмат бойынша Senat Open ашық кубогының жартылай финалдағы бес турнирінің алғашқысы Шымкентте өтті. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының аясында Қазақстан шахмат федерациясы ұйымдастырған турнирге барлық облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттары, облыстық және қалалық қоғамдық кеңестердің мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

Шымкент қаласы мен Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарынан келген облыстық деңгейдегі 100 жеңімпаз «Оңтүстік» өңіріндегі үздіктерді анықтау үшін Шымкентке жиналды. Жартылай финалдық ойындардың ашылу салтанатына қаланың, мәслихаттың және KazChess филиалының басшылығы қатысты. 9 турда өткен жедел ойынның нәтижесі бойынша Senat Open ашық финалына қатысатын жиырма бес өкіл анықталды.

Іріктеу турнирлері 21 сәуірден бастап 15 облыста және республикалық маңызы бар үш қалада өте бастаған болатын. Әр аймақтың үздік 25 ойыншысы аймақтық тұрғыда өтетін жартылай финалдың бірінде – солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс және орталықта ойнауға құқылы болды. Тамыз айының соңында Астанада өтетін финалда Парламент депутаттары мен республикалық БАҚ журналистерін қосқанда 200-ге жуық адам сайысқа түседі. Чемпионатқа еліміздің түкпір-түкпірінен 3 мыңға жуық адам келетін болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив