Қазақ күресінде жаңа беделді турнир пайда болды
Абай облысы, Ақсуат ауданында 2024 жылдың 20 шілдесінде қазақ күресінен «ASSYL ARLAN» атты республикалық турнир ұйымдастырылады. Оған еліміздің айтулы балуандары қатысады. Бозкілемге шығатындардың арасында көптеген халықаралық, республикалық жарыстардың жеңімпаздары Ерасыл Қажыбаев, Дәурен Нұралинов, Нұрдәулет Жарылғапов, Мақсат Исағабылов, Еламан Ерғалиев, Ғалымжан Қырықбай, Мұхтар Дәлелхан, Ерсұлтан Мұзаппаров сияқты балуандар бар. Турнирде түйе және өгіз балуандар анықталады дейді ұйымдастырушылар.
Белгілі спорт сарапшысы, жарысты ұйымдастырушы Рауан Оқас турнирдің ерекше атауына да тоқтала кетті.
«ASSYL ARLAN» республикалық турнирінде түйе палуан атанған балуанға автокөлік сыйға берілмек, ал өгіз балуан атанған спортшы 5 миллион теңгені қанжығасына байлайды.