Cемей-16°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

Үйлестіру кеңесінің отырысында ҮЕҰ-мен байланыс мәселелері талқыланды

21-06-2024, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Отырыста ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл мәселелеріне басты назар аударылып, азаматтық бастамаларды іске асыру мәселелері де қаралды. Сарапшылар бұл жұмыстың Қызылорда, Түркістан, Қарағанды облыстарындағы өту барысына тоқталды.

Сонымен қатар қатысушылар Мәдениет және ақпарат министрлігі, Әділет министрлігі, Экология және табиғи ресурстар министрлігі әзірлеген 2025-2027 жылдарға арналған әлеуметтік жобаларды талқылады.

Айзада Құрманова ең алдымен мемлекеттік тапсырыстың әлеуметтік жобалары қоғамның өзекті мәселелерін шешуге бағытталуы тиіс екенін атап өтті.

Үйлестіру кеңесінің мүшелері ҮЕҰ-мен өзара байланыс жөніндегі МО қызметін неғұрлым дәл талдау үшін бірыңғай есеп беру нысанын әзірлеуді ұсынды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив