Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
464.77 541.36 5.41

Мемлекет басшысы республикалық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесі төрағасының орынбасары Өмірзақ Озғанбаевты қабылдады

21-06-2024, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Кездесу барысында еліміздің дамуына және өскелең ұрпақ тәрбиесіне қатысты мәселелер талқыланды.

Мемлекет басшысы аға буынды Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда, Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында айтылған міндеттерді жүзеге асыруға, атап айтқанда жастарды нашақорлық, лудомания секілді әлеуметтік кеселдерден сақтандыру, отбасы институтын дәріптеу ісіне белсенді атсалысуға шақырды. 

Өз кезегінде Өмірзақ Озғанбаев Президентке ауылдық жерлерді дамытуға қатысты пікірін айтты. Сондай-ақ «Ардагерлер ұйымының» бастамасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспары жөнінде баяндады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив