100-ден астам бала «Туристік өлке» жобасына қатысты
2024 жылдың жазғы кезеңінде балалардың демалысы мен сауықтыруын ұйымдастыру тұжырымдамасына, дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдаудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес білім басқармасы Жарма ауданы Шар қаласында көшпелі іс-шара ұйымдастырды. Іс-шараға 100-ге жуық бала қатысты.
Жазғы бағдарлама аясында «Туристік өлке», «Спорт көшбасшысы» және «Fun Kids» сынды жобалар жүзеге асырылды.
«Туристік өлке» жобасы туристік дағдыларды, табиғатқа дген сүйіспеншілікті арттыру, облысымыздың географиясы, тарихы туралы білімдерін кеңейтуге бағытталған. Өлкетану отрядтарына әдістемелік көмек көрсетуге ерекше көңіл бөлінді. Жоба аясында облыстық рейтингте жүлделі орындарға ие болған өлкетану жасақтары, сондай-ақ «Табиғатты аяла» облыстық байқауының жеңімпаздары марапатталды.
«Спорт көшбасшысы» жобасы балаларды спортқа тартуға және спорт көшбасшыларының қызметін үйлестіруді көздейді.
«Fun Kids» жобасында шығармашылық жұмыстар арқылы жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуын және Мектеп парламенті мүшелерінің белсенділігін арттыру мақсаты қойылды.
Оқушылар демалысты табиғат аясында өткізуді ойын технологиялары арқылы ұйымдастыру әдістерімен танысты. Мектеп парламенті мүшелері және тәлімгерлерге жазғы кезеңде қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша ережелер түсіндіріліп, арнайы жадынамалар табысталды.