Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
441.88 503.61 5.24

Теректі ауылындағы жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

26-06-2024, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Көкпекті ауданы Теректі ауылында кентішілік көшелердің жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы ұзындығы 4 км 120 м болатын бес көше жөнделмек.

Жөндеу жұмыстарын «Көкпекті жолдары» ЖШС орындайды. Жоба аясында Бөгенбай батыр көшесіндегі (1360 м), М.Мақатаев көшесіндегі (700 м), Бірлік көшесіндегі (860 м), Мәметек көшесіндегі (540 м) және Ш. Қалдаяқов көшесіндегі (660 м) жолдар жаңартылуда.

Естеріңізге сала кетейік, «Ауыл – ел бесігі» жобасы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсартуға, сондай-ақ ауылдарды тұрақты дамытуға бағытталған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив