Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

«Таза Қазақстан»: Аягөз ауданында «Таза бейсенбі» акциясы өтті

30-06-2024, 15:50 018.kz

«Таза Қазақстан»: «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы аясында «Жасыл ел» еңбек жасағының сарбаздары Аягөз қаласының саябақтарында тазалық жұмыстарын жүргізді. Осылайша, «Жасыл ел» еңбек жасағының сарбаздары қаланы көгалдандырып, көркеюіне үлес қосуда. 

Ауқымды акцияның басты мақсаты – аумақтарды тазалаумен қатар, тұрғындардың қоршаған ортаға ұқыпты қарау қажеттілігіне назар аударту. «Жасыл ел» еңбек жасағының сарбаздары қаланың тазалығына баса назар аударуда. Акцияға барлығы 38 жасөспірім балалар қатысты. Сондай – ақ, акция «Абай Құнанбайұлы» атындағы саябақтан басталып, Аягөз қалалық «Бәйтерек» саябағынан аяқталды. Осы акция аясында саябақтарды тазалау нәтижесінде  32 қап қоқыс шығарылды.

«Алдағы уақытта «Таза бейсенбі»  акциясы кеңінен таралып, аудан жұртшылығы толықтай ат салысады деген үміттеміз», - дейді ұйымдастырушылар.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив