Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.55 540.38 6.15

Сенатор Толамисов Абай облысының тұрғындарымен кездесті

3-07-2024, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Амангелді Толамисов Абай облысының Жарма ауданында болып, Боранбай би кесенесінің жанындағы «Батыр бабалар шайқастары жолымен» экспедициясының ашылуына қатысты.

Іс-шара барысында депутат аудан тұрғындарымен кездесу өткізіп, оларға биыл Сенат мақұлдаған заңдар туралы айтып берді.

«Жалпы Сенат қазақстандықтардың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын жақсартуға тікелей қатысты 102 заңды мақұлдады. Осы заңдардың көпшілігі өңірлердегі тыныс-тіршілікті жақсартуға бағытталғанын атап өткім келеді. Сонымен қатар сенаторлар 200 депутаттық сауал жолдады. Сол арқылы депутаттар өңірлерде жергілікті тұрғындармен осындай кездесулер барысында қозғалатын проблемаларды көтеріп, оларды шешу жолдарын ұсынды», - деді сенатор.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив