Cемей-8°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесі аясында бірқатар стратегиялық құжаттарға қол қойылды

3-07-2024, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

2024 жылғы 2 шілдеде Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесі шеңберінде Астана қаласында "ҚТЖ" ҰК" АҚ мен қытайлық компаниялар арасында бірқатар құжаттарға қол қойылды.

Атап айтқанда, "ҚТЖ" ҰК" АҚ және "Ляньюньган порты" КТ" ЖШҚ Ақтау порты базасында контейнерлік хаб салуға инвестициялар туралы келісімге қол қойды. Бірлескен жоба контейнерлік жүктерді өңдеу және тиеп жөнелту бойынша қызметтер кешенін көрсету үшін Ақтау портындағы қолданыстағы инфрақұрылымның тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, "KTZ Express" АҚ ("ҚТЖ" ҰК" АҚ еншілес ұйымы), "Славтранс-Сервис" АҚ (Ресей) және Xi ' an Free Trade Port (Қытай) арасында контейнерлік тасымалдардың БЦД құру туралы келісімге қол қойылды. БЦД кедендік ресімдеу, электрондық сауда және басқа да функцияларды біріктіретін интеграцияланған жіксіз жүйеге айналады. Бұл логистиканы едәуір жеделдетуге, электрондық сауданы дамытуға жәрдемдесуге, кедендік рәсімдерді жеңілдетуге, сауда кедергілерін азайтуға, жеткізу тізбектерінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Қытайдың CRRC корпорациясымен 200 локомотив жеткізу туралы келісімге қол қойылды. Локомотивтер жетілдірілген құрылымдық және тарту параметрлеріне ие. Қазақстандық климаттың кең температуралық диапазонына бейімделу мүмкіндігі, сондай-ақ атмосфераға заттар шығарындыларының төмен деңгейі бар. 

ҚТЖ-ның ірі қытайлық серіктестермен ынтымақтастығы - бұл жай ғана өзара іс-қимыл емес. Бұл "Бір белдеу, бір жол" бастамасын іске асыруда екі мемлекеттің достығын нығайту.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив