Cемей-8°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

С. Жақыпова ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Р. М. Сарвармен кездесті

5-07-2024, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілі Рашед Мұстафа Сарвармен кездесті. Кездесу барысында ведомство мен халықаралық ұйымның бірлескен ынтымақтастығының басым бағыттары талқыланды.

Светлана Жақыпова ЮНИСЕФ-ке әлеуметтік жұмыстың тиімділігін арттыруға, халықтың белгілі бір санаттары үшін түрлі қолдау шараларын дамытуға және т. б. бағытталған түрлі жобаларды іске асыруға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді. Оның ішінде, ведомство басшысы Отбасының цифрлық картасы арқылы медианалық табысты есептеу бойынша бірлескен жұмысты атап өтті.

Министр сонымен қатар ведомствоның бірқатар жаңа бастамаларымен таныстырды. Осылайша, Светлана Жақыпова Қазақстан Республикасында 2030 жылға дейінгі инклюзивті саясат тұжырымдамасының жобасын әзірлеу туралы айтып, ЮНИСЕФ-тің мүгедектігі бар балалар бөлігінде Тұжырымдама жобасына жүргізілген талдау және дайындалған ұсыныстар түріндегі үлесін атап өтті. 

Өз кезегінде Рашед Мұстафа Сарвар бірлескен жұмыстың тиімділігін, сондай-ақ әлеуметтік қорғау саласын дамыту жөніндегі ведомствоның бастамасын жоғары бағалады.

Сондай-ақ, тараптар Қазақстан Республикасы мен ЮНИСЕФ-тің 2021-2025 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстарды талқылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив