Cемей28°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
516.01 582.47 6.26

Қазақстан БҰҰ аясында Ауғанстан бойынша өкілдердің 3-ші кездесуіне қатысты

5-07-2024, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев бастаған Қазақстан делегациясы БҰҰ ұйымдастырған Ауғанстан бойынша арнайы өкілдердің үшінші кездесуіне қатысты.

Ә. Бақаев өз баяндамасында Қазақстанның Ауғанстандағы гуманитарлық және экономикалық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған бастамаларын айтты, сондай-ақ іс-шараға қатысушыларды біздің ел қабылдаған практикалық шаралар туралы хабардар етті.

Форум алаңында сондай-ақ Ә. Бақаев пен БҰҰ Бас хатшысының саяси және бейбітшілік істері жөніндегі орынбасары Розмари Дикарломен, ЕО-ның арнайы өкілі Томас Никлассонмен, UNAMA басшысы Роза Отунбаевамен және АҚШ, Ауғанстан, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан және Түрікменстан делегацияларының басшыларымен кездесті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив