Cемей-8°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

Бітімгерлік саласында меморандум жасасу үшін ҚР Үкіметінің қаулысы бекітіледі

5-07-2024, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасының үкіметтері арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум жобасын мақұлдауды көздейтін Үкімет қаулысының жобасын дайындады.

Меморандумда Біріккен Ұлттар Ұйымының миссияларына жіберілетін контингенттерді бірлесіп өрістету туралы ережелер бар. Базалық құжат БҰҰ бітімгерлік саласында Қазақстан мен Пәкістан қарулы күштерін жедел өрістету, өзара ынтымақтастық және даярлау ауқымын кеңейтуге бағытталған.

Құжат бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті нығайту ісіндегі өзара ынтымақтастыққа бағытталған. Оның негізінде бітімгерлік қызмет шеңберінде екі мемлекеттің қарулы күштерін бірлесіп өрістету үшін техникалық келісімдер жасалуы мүмкін.  

Үкімет қаулысы арқылы бұған қол қоюға Қазақстан тарапынан Қорғаныс министріне өкілеттік беріледі.

Үкімет қаулысы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында осы жылдың 19 шілдесіне дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15110150 сілтеме бойынша танысуға болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив