Қала әкімі мердігерлерге жұмыстың төмен қарқынына байланысты ескертулер жасады
Қала әкімі күнделікті жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарды аралайды. Бүгін Нұрбол Нұрсағатов Семей қаласы мәслихатының төрағасы Данияр Шакакаримовпен бірге
Шығыс кенті квартал А, 343 квартал 15,16, үй және Боранбай Би 43 мекенжайларында аула аумақтарын абаттандыру жұмыстарымен танысты.
Қала басшысы кейбір мекенжайларда баяу жұмыс істеп жатқан мердігерлерге ескерту жасап, жөндеуден кейін қалған қоқыстарды алып тастауды тапсырды, мердігерлерге жұмыстарды жеделдету үшін жұмысшылар санын көбейту керектігін атап өтті. Сондай-ақ, ЖКХ бөліміне Би Боранбай 43 үйінің ауласындағы қоқыс контейнерларын ауыстыруды тапсырды.
Нұрбол Нұрсағатов биыл орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған көшелерді де аралады. Атап айтқанда қала басшысы Косанов көшесіне барды. Бұл көшеде асфальт төсеу үшін дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Көшпелі кеңес барысында Нұрбол Нұрсағатов Чайкина 25, Байтұрсынов 51 тұрғын үйлерінің тұрғындарымен кездесті. Кездесуде тұрғындар жол жөндеу, жарықтандыру жүргізу туралы сұрақтарды көтерді. Сондай-ақ, тұрғындар аталған тұрғын үйді салушы «Евротекс-Строй» құрылыс компаниясына аулаларды абаттандыру жұмыстарын толық аяқтамағанына және т.б сұрақтар бойынша шағымданды.
Кездесу барысында көтерілген барлық мәселелер хаттама түрінде бекітіліп, қала әкімінің бақылауына алынды.