Cемей-14°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Шығыс оң жақ № 5,6,7,9 саяжай массивтеріне жаңа трансформаторлық қосалқы станция орнатылады

12-07-2024, 13:55 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Абай облысы электр желісі станциясының мамандарымен бірге Шығыс оң жақ № 5,6,7,9 саяжай массивіне барып, жаңадан орнатылатын трансформаторлық қосалқы станциян салу жұмыстары туралы көшпелі кеңес өткізді.

2024 жылы аталған саяжайларда электрмен жабдықтау көлемін ұлғайту мақсатында, 4 жаңа трансформаторлық қосалқы станция орнатылады. 

Бұдан бұрын, қала әкімі осы саяжай алабының тұрғындарымен түрлі мәселелерді шешу бойынша бірнеше рет кездесулер өткізген болатын. Онда тұрғындар электрмен жабдықтаудың өте әлсіз екендігін, жарықтың жиі сөніп қалатындығына шағымданған болатын.

Осы олқылықтарды жою мақсатында Семей қаласының әкімдігі арнайы қаражат бөліп, кабельдерді ішінара ауыстыру, трансформаторлық майларды, 630 амперлік автоматтарды, фидерлерді ауыстыру, сондай-ақ фазалардың қисаюына жол бермеу үшін КТПН-ға жүктемелерді қайта бөлу бойынша жұмыстарды жүргізуді жоспарлауда. 

«Ағымдағы жылы Шығыс оң жақ № 5,6,7,9 саяжай массивтеріне  жалпы ұзындығы 26 220 метр электр желісі салынынады 778 дана тірек, сондай-ақ 4 жаңа трансформаторлық қосалқы станция орнатылады. Жазғы саяжайда электрмен жабдықтаудың істен шығуының негізгі себебі трансформаторлық қосалқы станциялар мен фидерге (жоғары вольтты кабель) үлкен жүктеме болып табылады, өйткені бастапқыда бұл желілерді жазғы коттедж ретінде пайдалану болжанған (бір үйге 1,5 квт жүктемемен). Ал қазір жүктеме көлемі артқандықтан желіде жиі ақау орын алды. Былтыр Семей қаласы әкімдігінің қолдауымен Шығыс оң жақ №10-12 саяжай массивтері 2  КТПН орнатылған болатын. Бұл жүктеме көлемін анағұрлым азайтуға мүмкіндік берді. Биыл бұл жұмыстарды жалғастыру арқылы Шығыс кентінің тұрғындарын тұрақты электр қуатымен қамтамасыз ете аламыз»,- деп атап өтті Семей қаласының электр желілері станциясының бас инженері  Бейбіт Көпжасаров.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив