Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
480.55 533.75 5.36

Аймақ басшысы Курчатов қаласында жұмыс сапарымен болды

15-07-2024, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Курчатов қаласына жұмыс сапарымен барып, жергілікті тұрғындар алдында есеп берді. Есеп беру барысында қаланы абаттандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды, сондай-ақ жоспарларды талқылады.

«Өткен жылы өңірімізде айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Әлеуметтік-экономикалық дамуда оң динамика бар. Жаңа жұмыс орындары ашылып, жолдар салынды. Биыл біз ауылды жерлердегі инфрақұрылымды жақсартуды, білім беру мен денсаулық сақтауды дамытуды, маңызды жобаларды іске асыруды жалғастырамыз. Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Жұмыстарымызды алдағы уақытта да жалғастырамыз», – деп атап өтті аймақ басшысы.

2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша экономиканың барлық салаларында дамудың оң серпіні байқалады. Облыс бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар 178,7 млрд теңгені құрады, оның 795 млн теңгесі Курчатов қаласына салынған.

Халықтың өмір сүру сапасын арттырудың негізгі факторы тұрғын үй-коммуналдық және көлік инфрақұрылымын дамыту болып табылады. Халықты ауыз сумен 100% қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасуда. 2026 жылға дейін 46 жобаны іске асыру жоспарлануда. Биыл ұзындығы 41,2 шақырым су құбыры желілері қайта жаңартылды, бұл желілердің тозуын 51%-дан 49,6%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Өткен жылы 16,3 млрд теңгеге 340 шақырым жол мен көше жөнделді. 2024 жылы облыстағы 284,2 шақырым жолға орташа жөндеу жүргізу жоспарланып отыр, оған 15,5 млрд теңге бөлінді.

2024 жылы Курчатов қаласын абаттандыруға облыстық бюджеттен 305 млн теңге бөлінді. Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жалғасуда. Аула спортын дамыту аясында үш спорт алаңында жөндеу жұмыстары және шағын футбол алаңының құрылысы басталды. Сондай-ақ, апаттық құбырларға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ауыз судың ескі жүйесін қайта жаңғыртуға жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.

Сапар барысында облыс басшысы азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, тиісті жауаптар қайтарды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив