Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
481.63 534.46 5.28

Аягөз ауданына қарасты Ақши ауылында амбулатория салынуда

17-07-2024, 17:52 018.kz

Аягөз ауданында адам санының және медицинаға деген сұраныстың артуына байланысты бүгінде өңірдің бірқатар ауылдық округтерде медициналық нысандар салынуда. Соның бірі Аягөз ауданы Ақши ауылдық округінде жаңа медициналық нысаны.

Ақши ауылдық округіндегі амбулатория құрылысы жұмыс барысы 2024 жылдың 1 маусымында мердігер мекеме «Уральскстройинвест» ЖШС құрылыс жұмыстарын бастады. Тапсырыс беруші  Абай облысы құрылыс басқармасы болып табылады. Жалпы жобаға сыртқы инженерлік желілерсіз  381 195 798,39 теңге қаражат қарастырылған.

Бүгінгі күнде құрылыс нысанының іргетасы мен қабырғасын қалау жұмыстары аяқталуға жақын. 2024 жылдың 30 қыркүйегіне дейін толықтай аяқтау жоспарланған. Осылайша, ауыл тұрғындары медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігімен қамтамасыз етіліп,білікті көмек алуына жол ашылады деп ойлаймыз.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив