Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
480.55 533.75 5.36

21 шілдеде Семей қаласында қандай көшелер жабылады

18-07-2024, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

2024 жылдың 21 шілдесінде Абай облысының Семей қаласында барлық спорт сүйер қауым үшін жарыс өтеді.Семей қаласындағы жарыс QAZAQ MARATHON ұйымдастырған жүгіру сериясының екінші жарысы болмақ. Жарысқа кәсіби спортшылар да, жүгіріді жаңадан бастап жүргендер қатыса алады. 

Семейдегі сөре қала орталығындағы Абай алаңында беріледі. Қатысушылар Семей қаласының көрікті жерлерін жүгіріп өтеді. 

Осыған байланысты келесі көшелер уақытша жабылады:

1) 20.07.2024 23:00 бастап 21.07.2024 18:00 дейін 

Абай алаңы. Абай көшесі (Жұмабаев – Ворошилов көшесінен Беспаев көшесіне дейін). 

2) 21.07.2024 05:40-тан 10:30-ға дейін:

1. Абай көшесі (Абай алаңынан Мұхамедханов көшесіне дейін); 

2. Мұхамедханов көшесі (Абай көшесінен Дулатов көшесіне дейін);

3. Дулатов көшесі (Мұхамедханов көшесінен Момышұлы көшесіне дейін); 

4. Момышұлы көшесі (Дулатов көшесінен Абай көшесіне дейін);

5. Абай көшесі (Момышұлы көшесінен жаңа көпірге дейін);

6. Жаңа көпір (Абай көшесінен солтүстік бағытта айналма жолға дейін. Көпірдің екінші жағы ашық болады)

7. Әуезов даңғылы (айналма жолдан Краснознаменная көшесіне дейін);

8. Краснознаменная көшесі (Әуезов көшесінен Титов көшесіне дейін).

Барлық қашықтықтағы жүлдегерлер ақшалай сертификат, медаль және грамотамен марапатталады. Жарысты сәтті аяқтаған барлық қатысушыларға мәреші медалі беріледі.

QAZAQ MARATHON ABAY қатысушылары тек басты нәрсеге шоғырлануы үшін біз оларды жарысқа қатысу уақытына сақтандырдық. Егер жазатайым оқиға орын алса, Freedom life компаниясы 1 млн теңгеге дейінгі сомаға өтемақы төлейді.

Іс-шара өткізілгеннен кейін ұйымдастырушылар жарыс өткен әр қалада балалар тегін жаттығатын жүгіру мектебін ашуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, қатысушылар сөрелік жанаға төлеген қаражаттың бір бөлігі халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балалардың қатысуына бағытталатын болады. Барлық қатысушылармен бірге, балалар да сөрелік нөмірді, футболка мен тақияны сыйлық ретінде алады, ал мәреге қатысқаны үшін медаль күтіп тұр.

Ұйымдастырушылар Жыл соңына дейін еліміздің түрлі өңірлерінде бес жүгіру іс-шарасын өткізуді жоспарлап отыр.

QAZAQ MARATHON TALDYQORGAN-да тіркелу ашық екенін еске салғымыз келеді.

Барлық жарыстарға тіркелу qazaqmarathon.kz сайтында өтеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив