Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
487.24 529.34 5.02

АБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІ

17-06-2024, 19:30 Сабина Әлібек

Интернет ғасырында - дәстүрлі БАҚ емес, әлеуметтік медиа бүгінде негізгі ақпарат көздеріне айналғаны анық.

Өңірлердің және Республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерімен өткен кеңейтілген отырыстың бірінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті атқарушы органдарға халықпен өзара іс-қимылдың жаңа форматына көшуді тапсырды. Президент қарапайым адамдардың әлеуметтік әл-ауқатын білу және оған уақтылы жауап беру өте маңызды екенін атап өтті.

«Әкімдер халықтың сұраныстарына жедел ден қойып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет. Әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс істеу маңызды: мессенджерлерде топтар құру, жүргізіліп жатқан саясатты қол жетімді түсіндіру, жағдайды модерациялау және басқару», - деп Президент әлеуметтік желілерде жұмыс істеуге баса назар аударды.

Бұл әрбір шенеунік әлеуметтік желілерде белсенді болуы керек дегенді білдіреді. Президенттің тапсырмасын назарға ала отырып, Абай облысындағы қала мен аудан әкімдерінің әлеуметтік желілердегі белсенділігінің рейтингі шығарылды. Аталмыш рейтингті «Abay Media Group» ЖШС қарасты ақпараттық-аналитика бөлімінің мамандары дайындады. Рейтинг аудан әкімі мен әкімдіктердің әлеуметтік желідегі белсенділіктері бойынша арнайы әзірленген критерийлер формуласы бойынша есептелді.

ҚАЛАЛАР МЕН АУДАНДАР ӘКІМДЕРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕГІ БЕЛСЕНДІЛІГІ БОЙЫНША РЕЙТИНГІ (МАМЫР АЙЫ БОЙЫНША)

Әкімдер арасында көшбасшылар мен аутсайдерлер анықталды.

Бірінші үштік рейтинг көшбасшылары:

1) Нұрбол Төлегенұлы Нұрсағатов

2) Талғат Батырұлы Мұратов

3) Қанат Серікқанұлы Әділбай

Орташа рейтинг:

4) Мейіржан Серікбосынұлы Смағұлов 

5) Болат Таңсықбайұлы Әбдірәлиев

6) Ақылбек Жұмабекұлы Башимбаев

7) Жарқынбек Борашұлы Байсабыров 

Аутсайдерлер:

8) Айдар Маратұлы Ибраев 

9) Ділдәбек Тәжібайұлы Оразбаев

10) Асхат Сайдахметұлы Смаилов1. Нұрсағатов Нұрбол Төлегенұлы – Семей қаласының әкімі.

Әлеуметтік желілердегі белсенділік бойынша Семей қаласының әкімі Нұрсағатов Нұрбол 1834,2 баллмен 2024 жылдың мамыр айының рейтингінде көш бастады. Нұрбол Нұрсағатов көпқабатты үйлер мен жерасты өткелдерінің қасбеттерін жөндеу бойынша, сондай-ақ Холодный ключ кентіндегі жаяу жүргіншілер көпірінің жағдайы бойынша көшпелі кеңес өткізді. Тексеру барысында қала әкімі бірінші кезекте Қ. Мұхамедханов көшесіндегі жерасты өткелінің жөнделуін тексерді. Сонымен қатар, әкім Юность ауданындағы басты жолдың орташа жөндеу жұмыстары аяқталғанын жазды. Бұл айда 50-ден астам тұрғынды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Қала басшысы тұрғындардың Холодный ключ кентіндегі аспалы көпірдің сапасына қатысты шағымы бойынша тапсырма беріп, көпірге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қалада тротуарлардың басым бөлігі қанағаттандырарлық емес. Сондықтан, Семейде тротуарларды жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Дулатов, Байсейтов, Юность шағын ауданындағы жаяу жүргіншілер жолын жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, жақын арада Галето, Бобровка кентінде тротуарларды салу жұмыстары басталатынын хабарлады. Мамыр айының соңғы күнінде тұрғын үй қорын жаңарту бойынша алғашқы екіжақты келісімге қол қойылды. Өзара ынтымақтастық туралы меморандум қала әкімдігі, “Алтын Ұя Семей” ЖШС және “Selam Kaz” ЖШС арасында жасалды. Меморандумға қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов пен аталған ЖШС басшылары қол қойды. 

*Әлеуметтік желілерді жүргізу бойынша Семей қаласының әкіміне ұсыныс: желідегі белсенділікті одан әрі арттыру ұсынылады.

2. Мұратов Талғат Батырұлы – Бесқарағай ауданының әкімі.

Бесқарағай ауданының әкімі Мұратов Талғат Батырұлы 1665,1 баллмен ағымдағы жылдың мамыр айының рейтингінде үздік үштік қатарында. Бесқарағай ауданында тұрақты түрде, әр сенбі сайын ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Және аудан әкімі жәрмеңкеге үнемі қатысатынын көреміз. Мамыр айында Бесқарағай ауданының тұрғындары Қасиетті бұлақтың аумағын тазартқан. Сенбілікке бұлақтар мен айналаны қоқыстардан тазарту мақсатында 150-ден астам еріктілер қатысқан екен. Акция аясында қасиетті бұлақтың аумағында камералар мен қоқыс жәшіктері орнатылды. 2023 жылдың қыс мезгілінде желдің қатты көтерілуі салдарынан жеке меншік екі қабатты үйдің шатыры ұшқан болатын. Осы орайда, әкім тұрғындардың мәселерін тыңдап, аталған мәселелердің заң аясында шешілетінін түсіндіріп қайтты. Аудан тұрғындары тарапынан Бесқарағай ауданының қасиетті орыны саналатын «Святой ключ» аумағына жарықтандыру құрылғыларын орнату бойынша сауал көтерілген болатын. Бүгінгі күні, көтерілген сұрақ оң шешімін тауып жарықтандыру құрылғылары және видео бақылау камералары орнатылды. Әкім Канонерка ауылы тұрғындарының өтінішіне орай шағын футбол алаңы салынып жатқанын хабарлады. Бүгінде құрылыс алаңына қажетті барлық материал жеткізілді. Алаңды тегістеу мен алаң төсенішіне керек қиыршық тас пен құм қабатын дайындау жұмыстары жүргізіліп, қоршау орнатылуда. Қуанышты жаңалық, Долон ауылдық округінде мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алуға кезекте тұрған екі отбасына жаңа пәтерлердің кілті салтанатты түрде тапсырылды.

*Әлеуметтік желілерді жүргізу бойынша Бесқарағай ауданы әкіміне ұсыныс: желідегі белсенділікті одан әрі арттыру ұсынылады.

3. Әділбай Қанат Серікқанұлы – Аягөз ауданының әкімі.

Аягөз ауданының әкімі Әділбай Қанат Серікқанұлы 1417,4 баллмен ағымдағы жылдың мамыр айының рейтингінде үздік үштікті түйіндеп тұр. Әкім айдың екінші күні іс-сапармен Ақтоғай кенттік округінде болып ауыз су тарту жұмыстарын қадағалап, тұрғындармен кездесу өткізген. Кездесуге Аягөз ауданы мәслихатының төрағасы А. Ибрайшин, Аягөз ауданының бас прокуроры Б. Семеев және “AMANAT” партиясының Аягөз аудандық филиалының атқарушы хатшысы Е. Тусупов қатысып, қойылған сауалдарға жауап берді. Әкім бұдан бөлек тағы бірқатар ауылдарды аралап, тұрғындармен кездесу өткізген. Тарлаулы ауылдық округінде болып, су тасқыны салдарынан құлаған “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” кесенесіне апаратын көпірдің жай-күйімен танысып қайтты. Облыс әкімі Н. Ұранхаевтың тапсырмасына сәйкес су тасқынынан залал тиген Мамырсу ауылдық округінің Бозай елді мекеніндегі автомобиль көпірі уақытша жөнделіп, елді мекенмен аудан орталығының арасындағы қатынас қалпына келтірілді. Одан бөле ауыл ішінде бірқатар көшелерге, Абай бульвары көшесінде, Аққожа би көшесінде асфальт төсеу жұмыстары қарқынды жүргізілгенін көруге болады. 

*Әлеуметтік желілерді жүргізу бойынша Аягөз ауданы әкіміне ұсыныс: желідегі белсенділікті одан әрі арттыру ұсынылады.

4. Смағұлов Мейіржан Серікбосынұлы – Абай ауданының әкімі.

Абай ауданының әкімі Смағұлов Мейіржан Серікбосынұлы мамыр айында 1240,5 баллмен рейтингте бір орынға жоғары шықты. Әкім басқа ауданда болмаған байқау ұйымдастырған, бұл Қарауыл ауылының тұрғындарына арналған “Үздік көше” және “Үлгілі үй” байқауы. Оның мақсаты ауылды көркейту, көгалдандыру және абаттандыру. Жеңіс күні мерекесіне орай Көкбай ауылында К. Жанатайұлы атындағы орта мектепте Ұлы Отан соғысының ардагері Қуантқан Иманғалиұлы атындағы Акт залының заман талабына сай абаттандырылуына орай ашылу салтанаты өткен. Парақшадан әкімнің сала басшыларымен ауыл көшелерін аралап, көше тазалығына қатысты барлық азаматтардың жұмысын сыңға алып, ескерту жасағанын көрдік. Ол Абай ауданының №17 өрт сөндіру бөлімінің техникалары қатары АЦ-5-40 КАМАЗ 43118 көлігімен толыққанын үлкен қуанышпен хабарлады. Бұл аудан тарихында өрт сөндіру бөліміне берілген тұңғыш су жаңа көлік екен. 

*Әлеуметтік желілерді жүргізу бойынша Абай ауданының әкіміне ұсыныс: желідегі белсенділікті одан әрі арттыру ұсынылады.

5. Әбдірәлиев Болат Таңсықбайұлы – Курчатов қаласының әкімі.

Курчатов қаласының әкімі Әбдірәлиев Болат Таңсықбайұлы 1238,2 баллмен рейтингте бесінші орында тұр. Әкім әдеттегідей, кабинетіндегі кездесулерді жалғастыруда. 4 Мамыр күні білім беру ұйымдарындағы бұзақылық, сондай-ақ мектептегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне арналған жиналыс өткізген. Абай көшесі, 35 мекенжайындағы үйді қалпына келтіруді бастаған инвестор А.С. Кусаиновты қабылдаған. Тұрақты бақылауды талап ететін – сумен қамтамасыз ету сапасы, алғашқы жаңа су тартуды іске қосу, техниканың резервін қамтамасыз ету, сумен жабдықтау жүйелерінің апатты аймақтарын жою мәселелері бойынша, көп пәтерлі үйлердің тұрғындарынан жылумен қамту бойынша түскен өтініштер мен ұсыныстарды талдауды ескере отырып, келесі жылыту маусымына дайындық бойынша кезекті жұмыс кеңесін өткізген. Қаладағы малдың қараусыз жайылып кетуіне жол бермеу мақсатында полиция бөлімімен бірлесіп кезекті жиын өткізді. «ККЭК» МКК-ның қазандықтарында көшпелі жиын өткізіп, келесі жылыту маусымына дайындық жұмыстарының қарқынымен танысып қайтқан. 

*Әлеуметтік желілерді жүргізу бойынша Курчатов қаласының әкіміне ұсыныс: желідегі белсенділікті одан әрі арттыру ұсынылады.

6. Башимбаев Ақылбек Жұмабекұлы – Үржар ауданының әкімі.

Үржар ауданының әкімі Башимбаев Ақылбек Жұмабекұлы 1042,8 баллмен үздік үштіктен алтыншы орынға түсіп қалды. Мамыр айында Үржар ауданына Абай облысы әкімінің орынбасары Әділбек Мұсабаев жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында Үржар ауылындағы әуежайды, Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектепті, аудандық көпсалалы аурухананы көріп, туризмді дамытуға бағытталған “Тарбағатай” мемлекеттік ұлттық паркінің жұмысымен танысып, тиісті сала басшыларына тапсырма берді. Облыстық мәслихат депутаты М.Карашевтың, аудандық аумақтық инспекция басшысының м.а. А.Омаровтың және тиісті мекемелердің қатысуымен аудан көлемінде «Рапс жапырақ жемірінің» қоныстануына байланысты жиын өткізген. Жоғарғы Егінсу ауылында құрылыстары жүргізіліп жатқан ауылдық Мәдениет үйі және дәрігерлік амбулатория құрылысы нысандарын аралаған. 

*Әлеуметтік желілерді жүргізу бойынша Үржар ауданы әкіміне ұсыныс: желідегі ресми парақшаларын белсенді жүргізу ұсынылады.

7. Байсабыров Жарқынбек Борашұлы – Жарма ауданының әкімі.

Жарма ауданының әкімі Байсабыров Жарқынбек Борашұлы 984,0 баллмен рейтингтің жетінші орнына тұрақтады. Ол мамыр айында аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау кезінде азаматтардың арасында тұрғын үй, "Дипломмен ауылға" бағдарламасы, кәсіпкерлік қолдау, интернет, жұмыспен қамту, су және жарықтандыру мәселесі бойынша өтініш-тілектер қаралған. Ақжал, Белтерек, Шуақ, Үшбиік, Аршалы ауылдарына, Жаңғызтөбе, Жарма кентіне барып, тұрғындар алдында есеп берді.

*Әлеуметтік желілерді жүргізу бойынша Жарма ауданы әкіміне ұсыныс: желідегі белсенділікті одан әрі арттыру ұсынылады.

8. Ибраев Айдар Маратұлы – Бородулиха ауданының әкімі.

Бородулиха ауданының әкімі Ибраев Айдар Маратұлы 881,0 баллмен тағы да аутсайдерлер қатарына жайғасты. "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында Бородулиха ауданында өзендер мен көлдердің айналасын қоқыстан тазартуға арналған "Мөлдір бұлақ" апталығы өтті. Ауданда екі айлық абаттандыру акциясы аясында 200 шырша, 400 қайың және 400 шетен барлығы 1 мың түп ағаш отырғызылған екен. Дербес бөлімдер мен ұйымдардың басшыларымен көшпелі аппарат кеңесін өткізді. Жиын барысында Достық үйі ғимаратының жай-күйі, тапсырмалардың орындалуы, облыс орталығындағы жолдарды жазғы күтіп ұстау және абаттандыру мәселелері талқыланған. Әкім парақшасында тұрақты түрде тұрғындарды қабылдау өтетінін байқауға болады. 

*Әлеуметтік желілерді жүргізу бойынша Бородулиха ауданы әкіміне ұсыныс: желідегі белсенділікті одан әрі арттыру ұсынылады.

9. Оразбаев Ділдәбек Тәжібайұлы – Көкпекті ауданының әкімі.

Оразабаев Ділдәбек Тәжібайұлы 795,2 баллмен тоғызыншы орынға тұрақтады. Бұл айда Көкпекті ауданының әкімімен де қоштастық. Ділдәбек Тәжібайұлы зейнеттік еңбек демалысына кетті. Бірақ оған дейін аудандық әкімішіліктің мәжіліс залында ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, мемлекеттік мекемелер басшылары, партия және БАҚ өкілдерінің қатысуымен аппарат отырысын өткізіп, жұмыс сапарымен Биғаш ауылына барып, Көкпекті-Биғаш автокөлік жолының тасқын су шайған учаскелерінде болып, бірқатар мәселелерді шешті. 

*Әлеуметтік желілерді жүргізу бойынша Көкпекті ауданы әкіміне ұсыныс: желідегі ресми парақшаларын белсенді жүргізу ұсынылады.

10. Смаилов Асхат Сайдахметұлы – Ақсуат ауданының әкімі

Ақсуат ауданының әкімі Смаилов Асхат Сайдахметұлы 440,3 баллмен көш соңына жайғасты. Мамыр айында парақшасын жүргізбейтін әкіммен де қоштастық. Әкім әдеттегідей өз парақшасына жазба салмаған. Тіпті, құттықтаулар да салмаған. Бірақ, аудан әкімдігінің парақшасынан Асхат Сайдахметұлы тұрғындарға қоғамдық қабылдау өткізгенін, Құмкөл ауылдық округіне қарасты шаруашылық құрылымдарының егіс алқабында болып, Көкжыра ауылына барып, онда мемлекеттік-жекеменшік әріптестікпен құрылысы басталған 3 үйдің (6 отбасыға) іргетасын құю рәсіміне қатысқанын көрдік.

*Әлеуметтік желілерді жүргізу бойынша Ақсуат ауданының әкіміне ұсыныс: желідегі ресми парақшаларын белсенді жүргізу ұсынылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив