Мемлекеттік шекараны заңсыз кеспек болған азамат ұсталды
2023 жылғы 28 ақпанда ҰҚК ШҚ Жамбыл бойынша департаментінің «Сортөбе» шекара бөлімшесінің әскери қызметшілері Қырғыз Республикасынан Қазақстанға өту мақсатымен Мемлекеттік шекараны заңсыз кеспек болған халықаралық іздеудегі ҚР азаматын ұстады.
Шекара қызметінің басшылығы заң бұзушыны ұстау кезінде көрсеткен өжеттілігі мен шеберлігі үшін ерекшеленген шекарашыларды марапаттау сұрағын қарастыруда.
Сонымен қатар, 2023 жылғы 1 наурызда ҰҚК ШҚ Жамбыл бойынша департаментінің әскери қызметшілері «Айша бибі» өткізу бекетінде де Қазақстанда қылмыс жасағаны үшін іздеудегі ҚР азаматын ұстады.
Ұсталғандар процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына тапсырылды.
Тағыда оқыңыз