Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
467.58 543.66 6.44

Бесқарағай ауданында тұрғын үйлердің құрылысы жүріп жатыр

23-07-2024, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында ауылдық жерлерде жаңа тұрғын үйлер салу белсенді жүргізілуде.

Бүгінде Бесқарағай ауданында екі пәтерлі 11 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Жұмыстар ағымдағы жылы аяқталады деп жоспарланған.

Сонымен қатар, осы жылдың соңына дейін тағы екі пәтерлі 19 тұрғын үй құрылысы көзделген. Нәтижесінде, 60-тан астам отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда. Глуховка, Беген, Канонерка, Бесқарағай және Қарағайлы ауылдарында құрылысшылар үйлердің қабырғаларын тұрғызып, шатырларын орнатуда.

Қазіргі таңда Бесқарағай ауданында 17 460 адам тұрады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив