«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы» ҚР Президентінің Жарлығына өзгерістер енгізіледі
Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы 1-бабы 16-тармағына сәйкес келтіру мақсатында, әскери қызметшілерді құмар ойындарға қатысуға тыйым салуға және бәс тігуге қатысты «Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Президент Жарлығының жобасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізуде.
Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының тәртіптік жарғысында 1-қосымшаның екінші бөлігі 5-тармақшасы екінші бөлігі жетінші бөлігінің абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «ақшалай немесе өзге де мүліктік сипаттағы құмар ойындарға қатысу және (немесе) ақшаға, заттарға және өзге де құндылықтарға бәс тігу (Елеулі тәртіптік теріс қылықтардың түрлері).
Жаңа редакция заңнамадағы қайшылықтарды, олқылықтарды және тиімсіз іске асырылатын нормаларды алып тастауға мүмкіндік береді.
Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қосымша шығындарды талап етпейді.
Жарлық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде ағымдағы жылдың 5 тамызына дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15145510