Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Жастарға жол: кандидат Еркебұлан Тұрсынның сайлауалды бағдарламасы

4-03-2023, 15:58 018.kz

ЖАСТАРҒА ЖОЛ!

Абай облыстық мәслихатының депутаттығына 

№ 6 сайлау округі бойынша кандидат

Өмірбаян

Мен, Тұрсын Еркебұлан Серікқалиұлы. 1993 жылы 18  ақпанда дүниеге келдім. Еңбек жолын 2011 жылы жеке кәсіпкер ретінде бастадым. 2014 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Қазақстан жастарын қолдау» ЖҚБ төрағасымын. 2016 – 2021 жылдары аралығында Семей қаласының Шәкәрім университеттінің экономика факультетінің аға оқытушысы қызметінде болдым. 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Бесқарағай несие» несие серіктестігі» ЖШС басқарма төрағасы қызметін атқарамын. Магистр дәрежесіндегі білімім бар: 2017 жылы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттінің «Экономика және бизнес» мамандығын бітірдім.

Семей қаласында 2009 жылдан бері тұрамын. 2019 жылы «Семей қаласына сіңірген еңбегі үшін медалі» иегері атандым.

 Құрметті Абай облысының тұрғындары!

Сайлауға қатысуға неліктен шешім қабылдадым? Мен өз елімде, облыста және бірінші кезекте біздің қаламызда не болып жатқанына немқұрайлы қарай алмаймын және кез келген жағдайға ықпал етуге болатындығына сенемін. 

Мен, Сіздердің назарларыңызға келесідей сайлауалды бағдарламаны ұсынамын:

Біріншіден, қаланың автокөлік кәсіпорындарының тасымалдау шарттарын қайта қаратуға тырысамын, олар таңертеңнен кешке дейін барлық жолаушыларды көлікпен толық қамтамасыз етуі керек. Автобус қозғалысының режимі мен кестесі тасымалдаушыларды емес, қалалықтарды қанағаттандыруы керек. Біздің автобустарымыз ыңғайлы әрі қолайлы болуын талап етемін, бұл үшін автобус паркін жаңарту, жүргізушілер мен кондукторларға жағдай жасаулары қажет, мен соған басты назар аудартамын.

Екіншіден, жылумен жабдықтау - бұл біздің қаламыздың кәсіпорындары мен азаматтарының кең ауқымы қамтылған қызметтердің негізгі саласы. Бүгінгі таңда жылумен жабдықтау саласы бірнеше мемлекеттік органдардың жауапкершілік аймағында, сондықтан жүйелі авариялар туындаған жағдайда коммуналдық ЖЭО жедел іс-қимылы бойынша қадамдық іс-шаралары белгіленген тәртіппен әзірленген. Жылумен жабдықтау схемалары нақты және уақтылы іске қосылуына қол жеткіземін.

Әлеуметтік осал санаттарға жатқызылған қалалықтар, оның ішінде жеке үйлерде тұратын мүгедектер үшін көмір жөнелту процесін тұйықтарда бақылап, алдын ала мұқтаждардың тізімін жасайтын КЖҚ өкілдерімен бірлесіп, көмірдің оған құқылы адамдардың қолына тиюін қадағалайтын боламын.

Үшіншіден, сапалы жолдар мен көшелерді абаттандыру мәселесі. Аталмыш мәселелерді шешу үшін осы бағдарламаларға жеткілікті қаражат бөлінуі үшін облыс бюджетін қалыптастыру процесіне өз ықпалымды бағыттаймын. Ал, жұмыстың орындалу сапасын біз қоғам белсенділерімен және қоғамдық кеңес мүшелерімен бірге бақылайтын боламыз.

Төртінші, 2022 жылы бастаған жастарға және азаматтардың басқа да санаттарына арналған жеңілдетілген ипотекалық бағдарламаларды іске асыру бойынша «Абай жастары» аймақтық жобасын жалғастырамыз. Бұл бағдарламалар өте танымал және сұранысқа ие. Абай облысының әрбір жас азаматы тұрғын үймен қамтамасыз етілуі қажет.

Бесінші, ауызсу және жарықтандыру мәселелері әрқашан маңызды болған. Бұл салаларда көптеген проблемалар туындап отыр: желілердің тозуы, бұл төтенше жағдайлардың жиі орын алуына әкелуде. Білікті кадрлардың жетіспеушілігі, жалақының төмендігі және т.б. жағдайларға байланысты жыл сайын жағдай ушығып келеді. Әртүрлі апаттар адамдарды тәуліктеп жарықсыз және сусыз отыруға мәжбүр етеді. Мен бұл мәселелердің шешімін тек инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы ғана көремін.

Алтыншы, Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен аймақ тұрғындарын әлеуметтік жағынан қолдау және олардың сапалы медициналық қызмет түрлерін алуға бағытталған мәселелерді көтеріп, шешілуіне жағдай жасау;

Жетінші, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын одан әрі іске асыру мақсатында,  мен азаматтардың сұраныстарына уақытылы жауап беруге уәде беремін. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, қоғамдағы қордалаған мәселелерді халықпен бірлесе шешетін боламыз.

Жарқын болашақ үшін ЖАСТАРҒА бүгін дауыс беріңіз!

Үгіт материалдарын орналастырғаны үшін төлемді аумақтық сайлау комиссиясы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізді.


Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив