Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
543.24 619.89 6.78

Көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы қызу дайындық үстінде

26-07-2024, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Көкпардан Қазақстан Ұлттық құрама командасы Алматы облысы, Жанашар ауылында орналасқан Олимпиадалық дайындық орталығында 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындықтарын пысықтап жатыр. 

22 шілде басталған оқу-жаттығу жиыны 6 тамызға дейін созылады. Еліміздің түкпір-түкіпірінен келген 29 көкпаршының арасынан ең үздік 12 спортшы көкпар ойынына, 12-сі көкбөрү спортына іріктеліп алынады. 

«Бұл оқу-жаттығу жиыны жігіттерге оңай болып жатқан жоқ. Себебі бұл жай ғана жаттығу емес, іріктеу де болып есептеледі. Еліміздің әр аймағынан келген спортшылардың арасынан 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел намысын сәтті қорғау үшін ең үздіктерін таңдауға бар күшімізді саламыз», - дейді көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Ақылбай Манкеев.

Ұлттық құрама 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдындағы қорытынды оқу-жаттығу жиынын Астана қаласында өткізеді.

Айта кетерлігі, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Бас демеушісі - ALAGEUM ELECTRIC, Ойындардың Бас серіктесі - Halyk Bank. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив