Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орнында елге еңбегі сіңірген әйелдермен кездесу өтті

4-03-2023, 18:20 Думан Кенжеғазыұлы

Астана қаласында армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжінде 8 наурыз мерекесі қарсаңында табандылық пен еңбекқорлықтың арқасында өз кәсіптерінде биіктен көрінген әйелдермен кездесу өтті.

Тарих ғылымдарының докторы, Ұлттық қорғаныс университетінің докторантура кафедрасының меңгерушісі Сайран Мұхамеджанова, отставкадағы полковник Мара Райымова, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Светлана Айтбаева және жүзуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері Екатерина Руденко колледж тәрбиеленушілерімен өз жетістіктерінің құпиясымен бөлісті.

Әскери ғылымдар профессоры Сайран Мұхамеджанова көп жылғы қажырлы еңбегінің нәтижесінде мемлекеттік наградалармен – «Құрмет» орденімен және «Ел қорғаны» медалімен марапатталды. Жеке жауапкершілігі, талапшылдығы мен жедел шешім қабылдайтын қабілетінің арқасында бір кездері полковник Мара Райымова да «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының орынбасары қызметін атқарды.

Ұландықтар үшін жағымды тосын сый – қазақтың атын әлемге танытқан күміс көмей әнші Димаш Құдайбергеновтың анасы Светлана Айтбаевамен кездесу болды, ол өзінің шығармашылық отбасы мен ұлы жайлы айтып берді.

Жасөсіпірімдерді 14 жасында 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында өнер көрсеткен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Екатерина Руденконың спорттағы өмір жолы тәнті етті.

Кездесуге қатысушылардың әрқайсысының өз жолы, өз тағдыры бар, дегенмен олардың барлығын Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам мен ел үшін пайдалы болуға деген ұмтылыс біріктіретінін айта кеткен жөн.

Кездесу әскери колледждің тәрбиеленушілері дайындаған концертпен аяқталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив