Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
444.3 490.91 5.41

Абай ауданында абаттандыру артта қалған

30-07-2024, 11:43 Сәтжан Қасымжанұлы

Абай облысының Абай ауданы — өңірге жолы түскен адамның "жақсыны көрмекке" асығатын мекені. Алайда, ұлы ақын атындағы ауданның орталығы Қарауылда көңіл құлазытар көріністер баршылық. Соның бірі Абай ауданы әкімдігінің қарсы алдындағы "Тәуелсіздік монументі".

Төрт қырлы ескерткіштің әкімдік жағына қараған тұсында Н. Назарбаевтың тәуелсіздікке қарасты кезінде бағалаған сөзі жазылыпты. 

Саябақ ұғымынан әлдеқашан алыстап кеткен көпшілік орынның абаттандырудан адыра қалғаны кірер есігінің жерге шөге бастағанынан көруге болады. 

Иә, Тәуелсіздік о бастан қастерлі ұғым. Бірақ, абайлық атқамінерлер бұған әлі күнге мән бермегені қынжылтады. "Абайды Дубай етуді" армандайтын аудан әкімі Мейіржан Смағұлов бастаған атқамінерлер иегінің астындағыны көрмейтініне қарап, киелі мекеннің қасиетін қаншалықты сезінетіні көрініп тұр.

 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив