Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Базарбаев туризм бастауын қашан тазартады?

1-08-2024, 14:37 Сәтжан Қасымжанұлы

Ертеден «Ұлылар мекені» атанған Абай ауданына облыс орталығы Семейден шыққан жолаушының алдымен ат басын іркетін жері – әйгілі Күшікбай бұлағы. Қазақтың жоңар шапқыншылығында дес бермеген батыры Күшікбайдың 21 жасында бойын меңдеген жау оғынан асқынған жараның кеселінен азаптанып дүние салғаны тарихтан белгілі.

Мұхтар Әуезовтің баяндауына жүгінсек былайша суреттеледі:

«Күшікбай батыр 21 жасында дүние салған екен. Ерте күннен батыр атағын алған. Ол қолбасы атанған тұста шешек тиіп, көп уақыт қозғала алмай жатып қалады. Осыны білген дұшпандары оны қапыда алмақшы болады. Кек буған батыр жалаңаш денесіне желбегей жамыла салып, жауға атой беріпті. Жауын жеңген ол осы асуда ат үстінде найзасына сүйенген қалпы жантәсілі етіпті».

Жазушының «Қорғансыздың күні» әңгімесіне арқау болған осынау асудың тарихи мәні қаншалықты екенін осы шығарманы оқыған адам айқын түсінеді. Әуезов бұл шығармасын 1914 жылы жазған екен. Шығарма кейіпкері Ғазизаның болыстан көрген қорлыққа шыдамай әке-шешесінің бейітіне барып, жан тапсырғаны да осы төңіректе болған.

 

Өткеннен жеткен аңызы жетерлік осы «Күшікбай бұлағының» бұл күндегі маңызы да ерекше. Әсіресе, туризм саласын дамытуға ден қойған Абай облысының салмағы алдымен Абай ауданына түсетінін ескерсек, бұл жер – сол мақсаттың басты айнасы деуге әбден болады. Бірақ, «Күшікбай бұлағы» енді ғана еңсе көтере бастаған Жаңасемей ауданының қарамағынд орналасқан. Нақты айтқанда, Озерки ауылдық округіне қарайды. Аудан тізгінін жыл басында, ақпан айында қолға алған Руслан Базарбаевтың шалғай ауылдарға да барып, келешекте не жасағалы жатқаны әлеуметтік желідегі парақшасынан көрініп тұр. Алайда, оның «Күшікбай бұлағының» басына барып, суы шипалы мекеннің қазіргі жай-күйін көруге әлі күнге дейін бармай отырғаны қынжылтады. Ел көлемінде бастау алған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясынан да бейхабар әкім тәрізді.


Өйткені, жолымыз түсіп барғанда көргеніміз – кірген адам тез шығатын лас әжетханасы. Бұлақ бастауынан жайқалған ағаштың байланған шүберекпен «көмкерілгені» өз алдына, келушілерден қалған түрлі қоқыстардың қапқа салынып «сап түзеп» тұрғаны да көңіл құлазытады. «ALTY ALASҺ» дәмханасының екі әрпі түсіп қалғаны өз алдына дәмхана атауының да ұлттық құндылығымыздың қадір-қасиетін кетіре бастағанымызды айғақтап тұр. Кезінде аты елеусіз тұрған бұл дәмхананы осыдан бірер жыл бұрын белгілі ғалым, академик Ғарифоллар Есім иелігіне сатып алғанын білетіндіктен, қоңырау шалдым. Ақсақалдың сөзінен «іші толған у мен өрт» екені бірден білінді.

- Қазіргі күнде ешкімге ештеңенің керегі жоқ. Иә, осыдан бірер жыл бұрын сол жерді өз қаражатыма сатып алдым. Дәмханаға «Алты алаш» атауын қойдық. Онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын. Өйткені бәріміз де алаш баласымыз. «Қорғансыздың күні» шығармасының басты кейіпкері Ғазизаға ескерткіш орнаттым, бейітін қоршадық. Бәрін де өз бастамаммен жүзеге асырдым. Басқа да түрлі ойластырған жобаларым бар еді. Денсаулығым сыр беріп, жолға шығу мұңға айналды. Ол кезде Мақсат Жарылқасын деген азамат көмекшім болатын. Әтттең, қайтыс болып кетті. Бұл жердің тарихи мәні зор. Оған басшылар қашан назар аударатынын кім білсін? Абайдың ақын шәкірті Көкбай Жанатайұлы да осы жерде дүниеден өткен. Ең басты құндылығы Абай жеріне сапарлаған адам осы бастауға міндетті түрде тоқтайды. Суы қолда бар ыдысына құйып алып кетіп жатады. Бірақ, бұл жерді әріқарай көркейтуге ешкімнің де құлқы жоқ. Жаңа ашылған облыс, жаңа құрылған ауданның басшы азаматтары жұмыла кіріссе, жайнап-ақ кететін жер. Туризм саласын дамытуды көздесек, алдымен «күшікбай бұлағын» күтімге алған жөн деп ойлаймын,- дейді Ғарифолла Есім. 

Есімін алты алаш білетін Ғарифолла Есімнің бұл базынасын Жаңасемей ауданының әкімі Руслан Базарбаев назарға алар деп сенеміз.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив