Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай-16°С
  • Аягөз-24°С
  • Ақсуат-14°С
  • Бородулиха-15°С
  • Қалбатау-17°С
  • Курчатов-18°С
  • Көкпекті-15°С
  • Үржар-12°С
482.49 556.75 5.79

Аула аумақтарын абаттандыру жұмыстары бақылауда

9-08-2024, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Нұрбол Нұрсағатов ТКШ бөлімінің басшысымен «Талдықорған Архитектура» ЖШС жүргізіп жатқан бірнеше аулаға барды: Шығыс кенті квартал Б, Шәкәрім көшесі 9, 20 үй мекенжайларына барды.

Нұрбол Нұрсағатов жұмыстарды жеделдетіп аяқтауды, шағын архитектуралық нысандарды орнату кезінде беріктігіне баса назар аударуды тапсырды.

Сондай-ақ, қала әкімі Би Боранбай көшесінен "Семей Инжиниринг" шлагбаумына дейінгі Батыс өндірістік торабына барып мердігерлермен кездесті. Бұл аумақта жалпы ұзындығы 2 км болатын жолға асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Анықтама: Биыл қаланың 50 аула аумағын абаттандыру бойынша жұмыстар жоспарланған, оның ішінде халық қатысатын бюджет бағдарламасы аясында 14 аула жөнделіп, 4 қоғамдық кеңістік абаттандырылады. Жұмыстар 45 аулада штатты режимде жүргізіліп жатыр. Негіз бойынша жұмыстар 80% -ға, шағын архитектуралық формаларды орнату бойынша жұмыстар 50% - ға орындалды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив