Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
455.12 498.99 5.55

Кандидат Асхат Чакенов спортшылармен кездесті

6-03-2023, 12:46 018.kz

№2 сайлау округі бойынша Абай облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Асхат Чакенов спортшылармен кездесті.

Кездесуде ол өз тәжірибесімен бөлісті. Оның айтуынша, төзімділік пен табандылық - кез келген салада табысқа жетудің негізгі шарттары. Мәселен, кандидат Абай облысы халқының әлеуметтік жағдайын жақсартуды, азаматтар мен олардың отбасыларының өмір сүру деңгейін арттыруға жәрдемдесуді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, цифрландыруға ерекше назар аударылатын болады, атап айтқанда, Асхат Чакенов Абай облысының шалғай елді-мекендерінің интернеті мен мобильді желілеріне қол жеткізуді жоспарлап отыр. Депутаттыққа кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты қайта құру, жолдарды, тротуарларды жөндеу, қауіпсіз жаяу жүргіншілер өткелдерін жайластыру қажеттігіне назар аударады.

Үгіт материалдарын орналастырғаны үшін төлемді аумақтық сайлау комиссиясы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив