Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
516.01 582.47 6.26

Әскери-техникалық мамандықтар бойынша оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы Қорғаныс министрі бұйрығының жобасы дайындалды

12-08-2024, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Қорғаныс ведомствосында «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша әскерге шақырылушыларды, әскери міндеттілерді жинау, оларды жіберу және өтеусіз және өтеулі негіздерде оқыту, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ оқыту мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығына өзгерістер енгізу жобасы әзірленді.

Құжатты ҚР Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті дайындады. Бұйрық жобасында редакциялық түзету ұсынылады, нәтижесінде «42 (қырық екі) жұмыс күні» деген сөз «42 (қырық екі) күнтізбелік күнге» ауыстырылады.

Қорғаныс министрі бұйрығы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында осы жылдың 23 тамызына дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15164678 сілтеме бойынша танысуға болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив