Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Қасым-Жомарт Тоқаев Шахтер ауылындағы әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты

14-08-2024, 19:30 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекет басшысы Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында Нұра ауданы Шахтер ауылындағы бірқатар әлеуметтік нысанды аралап көрді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ауылдағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені таныстырылды. Мұнда волейбол, баскетбол, футбол, үстел теннисі, қазақ күресі секциялары және жаттығу залы бар. Кешенде Мұзбел, Егінді және Байтуған ауылдарының балалары да спортпен шұғылданады.

Президент жүзу бассейнін және жақында жөндеуден өткен жергілікті Мәдениет үйін аралап көрді. Қасым-Жомарт Тоқаев «Шахтерское» ЖШС директоры Георгий Прокоп бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында түрлі жобаларды жүзеге асыруға үлес қосқанын атап өтті. Сондай-ақ оның ауданда спортты, мәдениетті және өнерді дамытуға қолдау көрсетіп келе жатқанын айтты.

Мемлекет басшысы Шахтер ауылының Үрмелі аспаптар халық оркестрінің ұжымымен әңгімелесіп, оларға шығармашылық табыс тіледі. Президент өңірлерде спорт және мәдениет жобаларын іске асыру маңызды екеніне назар аударды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив