Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
463.41 546.27 6.18

Бас мүфти Абай ауданында бабалар рухына 100 құран хатым дұғасына қатысты

17-08-2024, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Абай ауданында “Бабалар рухына 100 Құран хатым дұғасы жасалды. Игі іс-шараға ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы қатысты.

Бас мүфти ең алдымен Аягөзде жұма намазына қатысып, Абай ауданына жолға шықты. Жидебайға келіп Абай мен Шәкәрім, ұлы Ахаттың қабіріне зиярат жасап, 100 Құран хатым дұғасын бағыштады.

Кейін Құнанбай әулетінің ата қонысы болған Ақшоқыға келіп Құнанбай қажы әулеті жатқан Ақшоқы қорымын зиярат етті. Зияраттан соң Бабалар рухына 100 хатым шарасын өтіп, Бас мүфти дұғасын жасады.

Құран хатым дұғасынан соң Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдығына орай салынған мұражай-кешенін аралап көрді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив