Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
464.02 536.18 5.54

Наурызбай қажы Тағанұлы Семейдегі Алаш арыстары - Мұхтар Әуезов мұражай үйінде болды

17-08-2024, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысындағы сапары аясында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы заңғар жазушы М.Әуезовтің 100 жылдығы қарсаңында ашылған Алаш арыстары - Мұхтар Әуезов мұражайын аралап көрді. 

19 ғасырда салынған бұл үйге кезінде Абай Құнанбайұлы, Мұхтар Әуезов, Шәкәрім, одан бөлек Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы да отбасымен біршама уақыт тұрған.

Музей қызметкері қонақтарға тарихи кезеңдерді баяндап, бұрынғы үй иесі болған Әнияр Молдабаев өмірінен мәліметтер берді.

Айта кетейік көне ғимарат 1944 жылы Абайдың әдеби-мемориалдық үйі болып ашылған. 1995 жылы Абайдың Семейдегі бас музейі ашылғанша келушілерге қызмет еткен.

Екі қабатты тарихи нысан іші негізінен Алаш арыстарының өмірінен сыр шертеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив