Cемей26°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Алматыда өрт-құтқару спортынан әлем чемпионаты аяқталды

19-08-2024, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстанда өткен өрт-құтқару спорты бойынша әлем чемпионатының жабылу рәсімі чемпионаттың ең жарқын сәттері: сынақтардан өту кадрлары, қатысушылардың жеңіске деген эмоциялары, сынақтардан өткеннен кейінгі қысқа сұхбаттар бейнеленген бейнеролик көрсетуден басталды.

Жабылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, Халықаралық өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорт федерациясы Атқару комитетінің директоры Андрей Калинин қатысты. Олар жеңімпаздарға кубоктар, медальдар, дипломдар мен сыйлықтар табыс етті.

Спортшылар мен жұртшылық алдында сөйлеген сөзінде Қазақстан ТЖМ басшысы Шыңғыс Әрінов Алматы қаласының әкімдігіне, ұйымдастыру штабының мүшелері мен төрешілер корпусына чемпионаттың жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны мен әділ төрешілік қағидаттары үшін алғысын білдірді. Өрт бауырластығы рухында өткізілген жарыстар елдеріміздің авариялық-құтқару қызметтері арасындағы ынтымақтастық пен достық байланысты одан әрі нығайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Әлем чемпионатына Беларусь, Болгария, Қазақстан, Ресей, Словакия, Чехия командалары қатысты. Бақылаушылар ретінде Сауд Арабиясының өкілдері келді.

Орталық стадионда «ABIROY» тобы «Рух» музыкалық композициясымен өнер көрсетіп, жанкүйерлерді жігерлендірді. «Has Sak» этно-фольклорлық тобының әртістері, «Инь-Ян» би ұжымы. Іс-шара салтанатты отшашумен аяқталды.

Осы жарыстар өте қызықты өтті. Төрт кезең бойы төрешілікті халықаралық санаттағы судьялар құрамындағы төрешілер алқасы жүзеге асырды.

Қатысушылар спорттық пәндердің төрт түрінен, атап айтқанда: 100 метрлік өрт эстафетасында, биіктігі 12 метрлік оқу мұнарасына шабуыл сатысымен көтерілуде, кедергілері бар жүз метрлік жолақты еңсеруде және жауынгерлік қанат жаю түрінен сайысты.

Ерлер арасындағы жалпыкомандалық әлемдік есепте чемпионат қорытындысы бойынша: бірінші орынды Ресей спортшылар құрамасы, екінші орынды Беларусь командасы иеленді, Қазақстан спортшылары үздік үштікті жапты.

Жалпы командалық есепте қыздар мен жасөспірім қыздар арасында құрмет тұғырын Ресей Федерациясының өкілдері, екінші орынды – Беларусь Республикасы, үшінші орынды - Қазақстан Республикасы иеленді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив