Арман Жұмабеков Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен Арман Дайырұлы Жұмабеков Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.
Арман Жұмабеков 1973 жылы Ақмола облысы Ерейментау қаласында дүниеге келген. 1997 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1990 жылы Целиноград облысы жинақ банкі Ерейментау филиалының инспекторы болып бастаған.
1998-1999 жж. – бас заң кеңесшісі, сектор меңгерушісі, Ақмола облысы бойынша Салық комитетінің бөлім бастығы.
1999-2002 жж. – бас маман, Мемлекеттік кірістер министрлігінің құқықтық талдау, кодификация және ағымдағы жұмыс бөлімінің бастығы.
2002-2003 жж. – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі заң бөлімінің консультанты.
2003-2008 жж. – ҚР Президенті Әкімшілігінің құрылымында жұмыс істеді.
2008-2011 жж. – ҚР Президентінің ҚР Парламентіндегі өкілдігі басшысының орынбасары.
2011-2018 жж. – ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2018-2019 жж. – ҚР Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы.
2019 жылы – ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі.
2019-2021 жж. – ҚР Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы.
2021-2022 жж. – ҚР Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы.
2022-2023 жж. – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі аппаратының басшысы.
2023-2024 жж. – қаржы директоры, «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ басқарма мүшесі.
2024 жылғы 08 қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ аппарат басшысы, басқарма мүшесі лауазымын атқарды.