Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
480.61 534.53 5.28

Ақсуат ауданында қысқа дайындық қызу жүріп жатыр

4-09-2024, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

Ауыл шаруашылығы жұмыстарына әртүрлі маркалы 427 трактор, 93 шөпшапқы, 77 тырма, 53 орам-пресс, 46 маясалғы, 98 трактор тіркемесі, сондай-ақ Газ-52 және Газ-53 үлгідегі 61 техника жұмылдырылған.

Күзгі жиын жұмыстары аясында тамшылатып суару әдісімен өсірілген 538 гектар дәнді дақыл мен 200 гектар майлы күнбағыстың өнімін жинау қажет. Бүгінде облыс бойынша 451 гектар дәнді дақылдың әр гектарынан 20-21 центнерден өнім жиналып, 947,1 тоннаны құрады.

Сондай-ақ 87 гектардан 2262 тонна көкөніс жиналып, орташа өнімділігі гектарына 255-260 центнерді құрады. 128 гектар алқапта егілген бақша дақылдары гектарына 350-400 центнерден өнім беріп, 5120 тоннаға жетті. Бұл өнімдер аудандағы дүкендер мен базарлардың сөрелеріне тұрғындарға қолжетімді бағамен түсті.

Қазір Құмкөл, Ойшілік, Екпін, Ақсуат және Көкжыра ауылдарында жоңышқаны қыстамаға дайындау жұмыстары қызу жүріп жатыр.

Жоңышқаның бірінші шабуының өнімділігі гектарына 25-30 центнерді құраса, қыркүйекте екінші ору күтілуде. Өңірде жоңышқаның бір орамының құны 10-12 мың теңге, ал шөп 8-10 мың теңге аралығында.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив