Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
495.2 522.34 4.94

Өркениеттің көшінен қалған - Тарбағатай ауылы

1-02-2023, 07:00 Думан Кенжеғазыұлы

Әкімшіліктің жақсылығын, игілігін  көріп отырған бір ауыл бар. Аягөз ауданына қарасты Тарбағатай ауылының тұрғындары қолы шаруадан қалт босай қалса, әсіресе мектеп оқушылары осы әкімшіліктің маңына жиналады. Өйткені бұл жердегі Wi-Fi мен әлеуметтік желіге кіріп, алыстағы ағайынмен хал сұрасып, елдегі жаңалықтардан құлағдар болып қалады. Әрине біраз адам жиналса, интернет мүлдем ұстамай қалады. Бүгінде ауылдың тұрғындары 21-ші ғасырда цифрлі технологияның қызығын көре алмағандықтан, туған жерінен көшіп жатқандардың соңғы кездері саны артып келеді. Мәселен 2022 жылы 25 отбасы Тарбағатай ауылынан, басқа елді мекенге қоныс аударған. Ал ауыл әкімі Ербол Ережеповтың айтуынша, осы мәселе бойынша байланыс операторларына талай мәрте хат жазылған. Алайда нәтиже жоқ деп отыр. 

«Бізде Ұялы телефон байланысы мүлдем нашар. Ғаламтор туралы айтпасада болады. Міне интернет тек әкімдік ғимаратында болғандықтан,  дәрігерлер науқастарды осында тіркеп, ауданға жолдама береді. Жыл сайын осы мәселені көтеріп келеміз. Өткен жылдың қараша айында «Теле2» операторының базалық стансасы орнатылуы тиіс еді. Күн суып, қар түскендіктен, жұмыстар биылғы жылға қалды»,- деді ауыл әкімі Ербол Ережепов.

Ұялы байланыс операторының базалық стансасы демекші, Президент сайлауына дейін  Тарбағатай ауылында ғаламтор болады деп тұрғындарды бір сендіріп, үміт отын жаққан еді. Бірақ  қазіргі уақытта стансаның тек іргесі ғана тұрғызылған. «Айта-айта Алтайды, Жамал апам қартайды»,- деп мұңын шақты жергілікті тұрғындар. 

«Балам, мына интернет мәселесін ауыл тұрғындарымен бірге жыл сайын көтеріп келеміз. Өкінішке орай нәтиже жоқ. Жұмыс жоқ, ғаламтор болған соң, жастар қалай ауылда тұрақтасын. Қатарынан қалмас үшін, қалаға қоныс аударып жатыр. Былтыр  оқу маусымының соңында мектепте 350 оқушы болатын, биыл жаңа оқу жылда 325 бала білім алуда. Жыл сайын мектепте бала саны азайып келеді. Бұдан 2-3 жыл бұрын ауылда екі мыңға жуық адам тұратын. Қазір 1630 тұрғын қалды. Ал ғаламтор болса, мүмкін жағдай басқаша болар ма еді»,- дейді Тарбағатай ауылының тұрғыны.

Ауыл адамдары ауырып, ем іздеп жергілікті амбулаторияға барған ғаламтордың жоқтығынан тағы бір әуреге түседі. Ауылдағы аурухана қызметкерлері науқастарды тіркеп, ауданға жолдама беру үшін әкімдік ғимаратына баруға мәжбүр. Бірақ интернет жылдамдығының нашарлығынан бір адамды 10-15 минут тіркеудің орнына, сағаттап отырады.  Сондықтан кей кездері жағдайы нашар науқастарды сағаттап тіркеу қиынға түсуде. Осылайша Абай облысына қарасты Тарбағатай ауылының тұрғындары интернеттің жоқтығынан қиындық көріп, еститін үкімет, ғаламтормен қамтамасыз етіп берсе екен дейді.

Қуаныш Рахметоллаұлы

Пікірлер (1)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Муканов Е.

Ауылдарыңызда көптеген Жоғары білімді жастар дипломын қолдарына алып жұмыссыз жүр. Солардың бірін іштеріңізде Әкімдікке сайлап отырғызсаңыздар деп ойлаймын. Шындығын айтқанда Ербол Ережепұлы нестеп отыр бірірген қандай іс бар ? Интернет туралы бұрыннан айтылып келед алайда құрылама, құрылмайма ешкімге беймәлім! Интернеттенде маңызды мәселелер бар, мысалы: Ауыл ауруханасына барсаңыздар айтатын сөздері, Аягөзге бару керек сізге! Оғанда құлақтары үйреніп қалған ауыл тұрғындары. Енді бұл сөздіде ауыл ауруханасынан емес Халық саны Біздің ауылдан аз Ақши ауылынан естейтін болдықпа ? Бұл халықтың әлсіздігіме, не болмаса Әкімдіктің бе? Расыменде ауылымызды білікті жастар көтермесе ауылымыз барған сайын құлдилап барады . Малтүгел Ауылының атынан Ауылдарыңызда көптеген Жоғары білімді жастар дипломын қолдарына алып жұмыссыз жүр. Солардың бірін іштеріңізде Әкімдікке сайлап отырғызсаңыздар деп ойлаймын. Шындығын айтқанда Ербол Ережепұлы нестеп отыр бірірген қандай іс бар ? Интернет туралы бұрыннан айтылып келед алайда құрылама, құрылмайма ешкімге беймәлім! Интернеттенде маңызды мәселелер бар, мысалы: Ауыл ауруханасына барсаңыздар айтатын сөздері, Аягөзге бару керек сізге! Оғанда құлақтары үйреніп қалған ауыл тұрғындары. Енді бұл сөздіде ауыл ауруханасынан емес Халық саны Біздің ауылдан аз Ақши ауылынан естейтін болдықпа ? Бұл халықтың әлсіздігіме, не болмаса Әкімдіктің бе? Расыменде ауылымызды білікті жастар көтермесе ауылымыз барған сайын құлдилап барады . Малтүгел Ауылының атынан

Ответить 1 Ақпан 2023 12:23