Кандидат Нұржан Бахаев үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізуде
Семей қаласы мәслихатының депутаттығына кандидат Нұржан Бахаев №2 сайлау округінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.
Нұржан Бахаев аудан тұрғындарына өзінің сайлауалды бағдарламасы туралы айтып, қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.
Кандидаттың айтуынша, қала аудандарының күрделі проблемалары аумақтарды абаттандыру және жолдарды жөндеу болып қала береді. Сондықтан ол бұрын жөндеу жүргізілмеген көшелердегі жолдарды жөндеуге бағытталған қаржыландыруды ұлғайтуға байланысты мәселелерді шешуге белсенді түрде жәрдемдесуге ниетті.
Ол депутат болған жағдайда қала көшелерін абаттандыруды, көгалдандыруды және жарықтандыруды, сондай-ақ жолдарды жөндеуді, спорттық демалыс құрылыстарын салуды бақылауды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кандидат Семей қаласының шетін бейнебақылаумен жарақтандыру мәселесін қарастыру қажеттігін атап өтті.
Нұржан Бахаев қала тұрғындарының әл-ауқатын арттыру үшін тұрақты негізде жаңа өндірістер ашып, азаматтарға жұмыс пен тиісті жалақы беру қажеттігін айтады.
Сондай-ақ, кандидат отбасылық құндылықтарды қолдауға және отбасылық әл-ауқатты насихаттауға бағытталған жобаларды қолдауды жоспарлап отыр. Ол үшін қолжетімді несиелер беру, ипотекалық жүйені дамыту және жеке тұрғын үй құрылысына арналған учаскелерді ұсыну арқылы тұрғын үй саясаты мәселелерін одан әрі жетілдіру маңызды деп санайды.
Үгіт материалдарын орналастырғаны үшін төлемді аумақтық сайлау комиссиясы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізді.