Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Осы жазда «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарымен 4 млн-нан астам жолаушы тасымалданды

16-09-2024, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жазғы маусымның қорытындысын шығарды. 2024 жылдың маусым-тамыз айлары аралығында Ұлттық тасымалдаушының пойыздарымен 4 млн 207 мың жолаушы тасымалданды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5%-ға жоғары.

Осы жазда республикалық маңызы бар қалалар арасында жолаушылар ағыны бойынша Алматы көш бастады – бұл қаладан 730 мың адам жолға шықты. Елордаға 580 мыңнан астам жолаушы келсе, Шымкентке 260 мыңға жуық жолаушы сапар шекті.
Ұлттық тасымалдаушы Бурабай курорты бағыты бойынша электр пойыздарымен 130 мың жолаушыны тасымалдады, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 11%-ға жоғары.

Осы жазда Алакөл жағалауына Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарынан, сондай-ақ, алғаш рет Қызылордадан 12 бағыт бойынша пойыздар жүрді. Он бағытта «Жолаушылар тасымалы» АҚ, ал екі бағытта жеке тасымалдаушылар қызмет көрсетті. Жолаушылардың жайлылығы үшін Ұлттық тасымалдаушының пойыздары ауа баптау жүйесімен жабдықталған вагондармен қамтамасыз етілді. Жазғы маусымда Ұлттық тасымалдаушының пойыздарымен Алакөлге 135 мыңнан астам жолаушы жеткізілді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 144 бағыт бойынша пойыздар жүреді, оның 103-і «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ға, 31-і жеке компанияларға, ал 10-ы өзге теміржол әкімшіліктеріне тиесілі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив