Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
506.21 568.42 6.3

Сенаторлар Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасын тағайындауға келісім берді

Суретті түсірген: А. Байжұманов

19-09-2024, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасын тағайындауына келісім беру мәселесін қарады.

Конституцияға сәйкес Президенттің Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасын тағайындауына келісім беру Сенаттың ерекше қарауына жатады.

Мемлекет басшысының Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы қызметіне Дмитрий Малаховты тағайындауға келісім беру мәселесіне қатысты ұсынуын Қазақстан Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев оқып берді.

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Нұрлан Бекназаровтың айтуынша, Мемлекет басшысы ұсынған кандидатура комитет отырысында алдын ала қаралып, талқыланды. Соның нәтижесінде Сенатқа аталған кандидатураны қолдауды ұсыну туралы шешім қабылданды.

Осылайша, Сенат отырысында депутаттар Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы қызметіне Дмитрий Малаховты тағайындауына келісім беру туралы шешім қабылдады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив