Кандидат Айбек Енсеханов әлеуметтік мәселелермен күресуге ниетті
№11 бір мандаттық округ бойынша Семей қаласы мәслихатының депутаттығына кандидат Айбек Ермеханов әлеуметтік мәселелермен күресуге ниетті.
«Мен өзімнің кандидатурамды қалалық мәслихат депутаттығына күн сайын айналамыздағы шешілмейтін мәселелермен күресу үшін ұсындым. Мен қаланың сол жағалауында өстім, тұрамын және жұмыс істеймін. Неліктен қалалық мәслихат депутаттығына ұсыну үшін мен оң жағалаудағы сайлау округін таңдадым? Жас кезімде мен Семей қаласының түкпір-түкпірінде болдым. Мен әрқашан таңқалдым: неге Ертістің жанындағы көркем жерде орналасқан Пристань ауданы осындай қайғылы жағдайда? Жолсыздық, үлкен шалшықтар, көше жарығының болмауы, әр қадамда қоқыс үйінділері толып жатыр», - дейді депутаттыққа үміткер.
Содан бері көптеген жылдар өтті. Соңғы жылдары Семей билігі жеке сектордың проблемаларына назар аударды, олар бұрын көз жұма қарайтын. Қаланың әртүрлі аудандарында жолдар асфальтталып, көше жарықтандырыла бастады, бірақ барлық жерде емес. Мәслихат депутаттығына кандидат қаланың ұмытылған аудандарының проблемаларын шешуге бар күшін салып, түзетуге ниетті.
Үгіт материалын орналастырғаны үшін төлемді аумақтық сайлау комиссиясы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізді.
Тағыда оқыңыз
Үкіметте Қазақстан өңірлерінің су тасқынына дайындығы қаралдыШәкәрім шаңырағы – Абай елінің рухани қара шаңырағы!Кандидат Дәурен Нұралиновтың сайлауалды бағдарламасыПартиялық тізімдерді тіркеудің, жеребе тартудың, шетелдік байқаушыларды аккредиттеудің және сайлау алдындағы үгіттің қорытындылары туралыАБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІ